$ 498.34  519.72  4.85

Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

5 қарашада Астана мен Ақмола облысында дауылды жел тұрады деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері. Бұл күні аймақта жел жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

Елордада да ауа райы бұзылып, ұйытқыған желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Ақмола облысының кей жерлеріне 5 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары