Жаңалықтар 05.11.2018 сағат 08:50

АҚШ-тың Иранға салған ең қатаң санкциясы күшіне енді

АҚШ-тың Иранның энергетика және қаржы секторлары, кеме жасау және кеме қатынасы салаларына салған санкциясы 5 қарашадан бастап күшіне енді. Вашингтон санкцияны Тегеранға «ұстанымын өзгертіп», аймақтағы «жаулық іс-қимылдарын тоқтатуға» ықпал ету үшін салып отыр деп жазады Азаттық.

АҚШ-тың Иранға салған ең қатаң санкциясы күшіне енді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп бұл санкцияларды АҚШ-тың Иранға осы кезге дейін салған санкциялары ішіндегі «ең қатаңы» деп атады. «Иранға не болатынын көрейік. Бірақ олардың жағдайы аса жақсы емес» деді Трамп.

Ақ үй бұған дейін жаңа санкция бойынша Ираннан мұнай сатып алу тыйымын бұзғандарға айыппұл салынатынын ескерткен. Дегенмен, Ақ үй әкімшілігі сегіз елге қатысты тыйымның күшін алты айға дейін тоқтата тұру жоспары барын мәлімдеген. Ол сегіз ел тізімі 5 қараша күні кешірек жарияланбақ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар