5 қараша күні таңертең Семейдегі мектеп маңында жүргізуші оқушыны қағып кетті деп жазады ustinka.kz.
№31 мектеп жанындағы жаяу жүргіншілер жолағында жүргізуші мектепке дейінгі даярлық сыныбының оқушысын қағып, өзі қашып кеткені жайлы ақпарат желіде жарияланды. Алайда жергілікті ІІБ жүргізушінің сол мезетте ұсталғанын айтады.
«Баланың жанында әкесі болған. Оқушы зардап шеккен жоқ. Әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді полицейлер.