$ 447.4  477.55  4.76

Қарағанды облысында такси жүргізушісі жоғалып кетті

Клиенттерді Шахтинсктен Қарағандыға апарған такси жүргізушісі із-түссіз жоғалып кетті деп жазады Nur.kz.

Тоғыз күн бұрын «Фольксвагене Джетта» көлігімен бір топ ер адамды тасыған жекеменшік таксофирманың қызметкері Алексей Хорошилов, содан кейін хабарсыз кеткен. Таксофирманың директоры Сергейдің айтуынша, ол Алексейді қазан айында жұмысқа алған екен.

«Мен Алексейге көлікті жалға бердім. Ол жұмысын өте ұқыпты атқаратын. 26 қазан күні ол Шахтинсктен Қарағанды қаласына клиент алып кеткен болатын. Келесі күні хабарласқанымызда, көліктің бұзылып қалғанын айтып,  жөндеуден кейін жұмысқа шығатынын да жеткізді. Содан бері телефоны өшіріліп тұр», – дейді Сергей.

Алексей ол клиенттерді өзі тапқан екен. Диспетчерге сол күні ешқандай тапсырыс түспеген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері такси жүргізушісін іздеу жұмысына белсене кіріскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары