$ 498.51  522.84  4.81

Алматыдағы түнгі клубта көз жұмған каскадердің әйелі күйеуі туралы ақпарат таратқандарды соттатпақшы

Алматыдағы клубтардың бірінде қайтыс болған каскадер Қасым Жұмағожиннің әйелі көпшілікке үн қатып, жалған ақпарат таратпауларын сұрады. Сонымен қатар прокуратураға шағымдануға ниетті екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

Марқұмның жұбайы Альбина Жұмағожинаның сөзінше, желіде күйеуінің өліміне қатысты түрлі видеожазба әлі де тарап жатыр. Алайда олардың бәрі шындыққа жанаспайды.

«Бүгін күйеуім Қасым Жұмағожинді жер қойнына тапсырдық. Ресми нұсқа бойынша, ол түнгі клубта өнер көрсеткеннен кейін жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Десе де әлеуметтік желілерде оның түнгі клубта өнер көрсеткен сәтінің видеосы ғана емес, Қасымның өліміне қатысты шындыққа жанаспайтын теориялар мен оның суреттері әлі де тарап жатыр. БАҚ туралы Заңға сәйкес, әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдарымен теңестіріледі.  Сондықтан парақша иелері сол заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – дейді Альбина Жұмағожина желіде.

Сонымен қатар ол Қасымның өнер көрсетіп жатып қайтыс болғаны туралы видеоның өтірік екенін айтты. Ол өнер көрсетіп болғаннан кейін өзін нашар сезінді дейді жұбайы.

«Жарияланған нұсқалардың бәрі (кепілдің болмауы, қылқыну және суицид) моральдық зиян келтіріп, өтірік пен жала үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Үшіншінден, адамның суретін оның келісімінсіз (немесе қайтыс болғаннан кейін оның отбасы мүшелерінің келісімінсіз) қолданудың да қылмыстық жазасы бар. Біз Қасымның өлімі туралы заңсыз әрі жалған ақпараттың таралуына жол бермес үшін құқық қорғау органдары мен прокуратураға шағымдануға мәжбүрміз. Заң бұзғандардың бәрі анықталады. Ал кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – дейді марқұмның жұбайы.

Сонымен қатар Альбина Жұмағожина «өзгенің қайғысынан хайп жасамауды», желідегі парақшалар мен топтардан жалған ақпаратты өшіруді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні танымал қазақстандық каскадердің дүниеден озғаны белгілі болған еді. Артынша оның өлімінің себебі айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары