$ 446.49  475.38  4.79

Мәскеуде қазақстандық үш кәсіпқой боксшы жекпе-жек өткізеді

7 қараша күні Мәскеуде өтетін бокс кешінде Қазақстан өкілдері өнер көрсетеді деп жазады ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында мәлім етілгендей, бокс кешінде кәсіпқой рингтегі өзінің үшінші айқасын 22 жастағы Илья Очкин (2-0) өткізеді. Бірінші орта салмақтағы спортшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Сондай-ақ шаршы алаңға Tukeshov Boxing Promotions компаниясының боксшылары - 18 жастағы Абылайхан Бітімов (1-0, 1КО) пен Жәнібек Бақытов (дебют) шығады. Бітімовтың қарсыласы - қырғызстандық Майсалбек Есенов, ал Бақытов ресейлік Жахонгир Журамурадовпен қолғап түйістіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары