$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда ақша бопсалады деген күдікпен полицей ұсталды

Қостанайда кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен 25 жастағы полицей қамауға алынды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 3 қараша күні Қостанай қаласында болған.

«Жедел-із кесу шаралары барысында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласы жол-патрульдік полициясының 25 жастағы инспекторын ұстады. Бұған дейін кәсіпкер әйел полицейдің ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған болатын», – деді облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншіәлиев журналистермен өткен брифингте.

Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Осыған дейін Қостанайдағы түнгі клубтардың біріне бомба қойылғаны туралы хабарлағанбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары