$ 494.87  520.65  4.91

«3 күнде 101 млн теңге»: Төреғали фильмінен түскен пайдасын айтып мақтанды

Төреғали Төреәлінің жақында ғана шыққан «Ұлы дала комедиясын» фильмінен түскен табысын айтып мақтанды. КТК телеарнасының журналисі әншіні төрге отырғызып қойып сұхбаттасты.
Төреғали Төреәлі жаңа фильмнің кейбір өңірлерде прокаттан алынып тасталғанын айтты.

«Мысалы, мен орысша түсінсем де кейбір орыс тілді фильмдерді көре алмаймын. Өйткені жаныма, сүйегіме сіңбеген болғаннан шығар...» − деген әнші халыққа жақын туындыны алып тастау кімге керек екенін түсінбейтінін айтады.

Әнші фильмге кеткен шығын өзін 2 есе ақтайды деп мақтанды.

«3 күннің ішінде 101 млн жинап қойған. Яғни фильмге кеткен қаражаттың жартысын ақтады ғой деймін. Ол 3 күннің ішінде жартысын ақтаса, 3 айдың ішінде тағы бір кино түсіретіндей болады-ау», - дейді Төреғали.

Еске сала кетейік, «Ұлы дала комедиясының» премьерасы 15 қазан күні Астана қаласында өткен. Кино әлеміне алғаш рет қадам басқан әншінің қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасқан еді.
  
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шоубизнес #тойбизнес #Төреғали Төреәлі #микс #Ұлы дала комедиясы