Төреғали Төреәлі жаңа фильмнің кейбір өңірлерде прокаттан алынып тасталғанын айтты. «Мысалы, мен орысша түсінсем де кейбір орыс тілді фильмдерді көре алмаймын. Өйткені жаныма, сүйегіме сіңбеген болғаннан шығар...» − деген әнші халыққа жақын туындыны алып тастау кімге керек екенін түсінбейтінін айтады. Әнші фильмге кеткен шығын өзін 2 есе ақтайды деп мақтанды. «3 күннің ішінде 101 млн жинап қойған. Яғни фильмге кеткен қаражаттың жартысын ақтады ғой деймін. Ол 3 күннің ішінде жартысын ақтаса, 3 айдың ішінде тағы бір кино түсіретіндей болады-ау», - дейді Төреғали. Еске сала кетейік, «Ұлы дала комедиясының» премьерасы 15 қазан күні Астана қаласында өткен. Кино әлеміне алғаш рет қадам басқан әншінің қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасқан еді.