Жаңалықтар 06.11.2018 сағат 09:49  343

Шекарадан алтын бұйымдарды заңсыз өткізбек болған өзбекстандық ұсталды

Түркиядан елімізге ірі көлемдегі алтын бұйымдарын алып өтпек болған Өзбекстан азаматшасы ұсталды деп хабарлайды  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Шекарадан алтын бұйымдарды заңсыз өткізбек болған өзбекстандық ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көрші елдің азаматшасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Шымкент авиа» тексеріп-өткізу пунктінде ұсталған.

 «Ыстанбұл – Шымкент бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген әйелдің өзін-өзі ұстауы шекарашыларға күдікті болып көрінді. Азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында оның қол жүгінің арасынан алтын бұйымдар – 17 жүзік, 24 сырға және 5 дана кулон шықты. Ұсталу себебі – алып өтуге рұқсат етілген заттар мөлшерін асыру болып табылады», – делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дәл осындай себеппен «Қазығұрт» тексеріп-өткізу пунктінің шекарашылары Өзбекстаннан біздің елімізге кірмекші болған үш Шевроле автокөліктерін ұстаған. Автокөліктердің жүргізушілері Өзбекстан азаматтары. Үш автокөлікте де қымбат бағалы жалпы саны 2480 керамикалық ыдыс-аяқтың тиелгені белгілі болып отыр. Тәркіленген заттар кедендік орындарға тапсырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар