$ 444.32  473.33  4.76

Талдықорғанда мейрамхана иесі жағдайы төмен отбасыларға тегін көмір таратып жүр (ВИДЕО)

Талдықорғанда екі мейрамхананың ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін үлестіріп, көмектесіп жүр деп жазады Stan.kz.

Белгілі болғандай, 1 қарашада «Bazilik» және «Tandoor» мейрамханаларының ұжымы мұқтаж отбасыларға 3 тонна көмір таратқан.

«Бей-жай қарай алмайтын жандардың бәрін осындай шараларға шақырамыз. Біреуге жылу сыйласаң, ол міндетті түрде өзіңе қайтып келеді. Басқа адамдар да үлгі алу үшін ғана осы ақпаратты таратып отырмыз», – дейді мейрамхана басқарушысы.

Қайырымдылық шарасы кезінде түсірілген видео Facebook желісіндегі «Талдыкорганец» парақшасында жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары