$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың 125 жылдығы аталып өтті

Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың 125 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған кешке қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ҚР Қарулы күштері Бас штаб басшысының орынбасары, генерал-майор М. Таласов, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы консулы И.Переверзева, зиялы қауым өкілдері және И.В.Панфиловтың ұрпақтары қатысты.

Кеш соғыс уақытын бейнелейтін сахналық қойылымдар және ән-бимен қатар өріліп отырды. Сондай-ақ, сахнада ҚР Халық артисі Р.Рымбаева, Е.Шүкіман, «Ағайындылар» тобы, Б.Байқадамов атындағы капелла мен гарнизонның әскери дирижері, капитан Ұлан Әбдірахманов жетекшілік ететін Алматы аймақтық гарнизонының құрама әскери оркестрі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық Әскери-патриоттық орталығы филиалының әнші, бишілері, «Жас сарбаз» балалар хоры өнер көрсетті.

1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары