Талдықорғанда екі мейрамхананың ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмірді тегін үлестіріп, көмектесіп жүр деп жазады Stan.kz.
Белгілі болғандай, 1 қарашада «Bazilik» және «Tandoor» мейрамханаларының ұжымы мұқтаж отбасыларға 3 тонна көмір таратқан.
«Бей-жай қарай алмайтын жандардың бәрін осындай шараларға шақырамыз. Біреуге жылу сыйласаң, ол міндетті түрде өзіңе қайтып келеді. Басқа адамдар да үлгі алу үшін ғана осы ақпаратты таратып отырмыз», – дейді мейрамхана басқарушысы.
Қайырымдылық шарасы кезінде түсірілген видео Facebook желісіндегі «Талдыкорганец» парақшасында жарияланды.