07.11.2018, 03:10

Өскеменде ең ұзын веложол салынбақ

Өскеменде республика бойынша ең ұзын велосипед жолы салынады. Ол №19 ықшамаудан мен қаланың орталығын жалғайды деп жазады Алтайньюс.

Бұдан бөлек Сәтпаев даңғылы бойымен жүгіруге арналған жол да салынады. Ол да еліміздегі ең ұзын жол болмақ.

– Байқайсыздар ма, Ертіс жағалауында мұндай вело және жүгіру жолдары болмағанда ол жерде ешкім жүрмейтін. Ал қазір қандай болды? Таңғы сағат 6-дан бастап спортпен шұғылданғандарды көресіз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ Сәтпаев даңғылы бойынан 14 спорт алаңын да ашу жоспарланған.