$ 514.65  544.6  5.17

Түркістан облысында жолаушылар автобусына оқ жаудырған күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында жолаушылар автобусына травматикалық оқ жаудырған күдіктілер ұсталды деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«5 қарашада Алматы-Ташкент тас жолы бағытында маркасы «YOENG K 6108 hdh» қоғамдық автобусына бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ жаудырған Түркістан облысының тұрғындары ұсталды», − делінген баспасөз хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, айғақтық заттар тәркіленген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары