Түркістан облысында жолаушылар автобусына травматикалық оқ жаудырған күдіктілер ұсталды деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«5 қарашада Алматы-Ташкент тас жолы бағытында маркасы «YOENG K 6108 hdh» қоғамдық автобусына бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ жаудырған Түркістан облысының тұрғындары ұсталды», − делінген баспасөз хабарламасында. Күдіктілер ұсталып, айғақтық заттар тәркіленген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.