$ 498.34  519.72  4.85

Сарапшы: Елімізде тұрғын үй бағасы 20 пайызға арзандайды

Бүгін Астанада «Қазақстан-2050»  жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен сараптау клубының отырысы өтті.

Әңгімелесу барысында теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды деген тақырыпта пікірлер екіге бөлінді. Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша Қазақстанда қайталама нарықта баспана құны (доллар эквивалентінде) келесі жылдың соңына қарай 20 пайызға төмендейді.

«Осыған дейінгі, яғни 2014 жылы ақпандағы теңге бағамына түзету жасау жүйесіне мысал ретінде қарайтын болсақ, біз доллар бағасының қазіргі таңда 16 пайызға түскенін көреміз. Біз қазір теңге бағасының девальвациялық деңгейге қайта оралғанын көріп отырмыз. Қазіргі жағдайға байланысты айтатын болсақ, бұл жердегі теңге бағамының өзгерісінен біз халық табысының төмендегенін, отандық компаниялар кірісінің азайғанын көреміз, себебі дағдарыс қалай болғанда да оларға әсер етеді. Мұның барлығы баспана құнының түсуіне әкеп соғады. Біздің болжам бойынша, 2016 жылдың соңына қарай баға 20 пайызға төмендейді», - деді kn.kz ақпараттық порталының сараптама қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары