$ 445.66  474.58  4.78

Оқушылардан президенттің сыйлығын тартып алды

Президенттен сыйлыққа алған «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын Қарағанды облысы Долинка ауылы №4 мектептің бірінші сынып оқушылары тек ұстап қана үлгерген. Оларды көп ұзамай кітапты кітапханаға қайтаруға мәжбүрлеген.

Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Кітапты тек сынып сағатында пайдаланады деп түсіндірген мектеп басшылығы президент сыйлығын кері қайтарып алған.

Бұл туралы Шахтинск қаласының тұрғыны Ирина Митерева әлеуметтік желіде жария еткен.

«Бүгін, 1 қыркүйекте Долинка аулының №4 мектебінде мегақойылым болды! Алғашқы қоңырауда бірінші сынып оқушыларына ауыл әкімі кітаптар табыстады (Н.Ә.Назарбаевтың кітабы). Ал сыныпқа кіргенде оқушылардан кітапты тартып алған. Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына сыйлау үшін кітапханаға өткізу керек деп түсіндірген», – дейді Митерева.

Қаланың білім беру бөлімінде бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Басшы Николай Онсовичтің сөзіне сенсек, кітапты оқылмай қалмауын қадағалап, сынып сағатында пайдалану мақсатында өткізуге сұраған. Тіпті соған сай сабақтар жобасын да әзірлеп қойған екен.

Ол барлық кітаптар балаларға қалады деп сендірді. Шу шығып кеткесін, түсініспеушіліктердің алдын алу үшін кітаптарды балаларға қайтарып беруді бұйырған.

«Шын мәнісінде ешқандай қиындық жоқ», – дейді Онсович.

Еске салсақ, БАҚ-та барлық бірінші сынып оқушылары Білім күнінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтан сыйға «Менің Отаным – Қазақстан» («Моя Родина – Казахстан») атты кітап алатыны жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары