07.11.2018, 06:51

Жамбыл облысында қояншық дертімен ауыратын 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Қордай ауданының 2002 жылғы тумасы Айгүл Әзімбай із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

27 қыркүйекте қояншық ауруымен ауыратын бойжеткен үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оралмапты.

Бойжеткеннің шашы қысқа, қара түсті. Бойы: 160-165 см. Үстіне жылы киім киген.

Айгүлдің жақындары егер оны көргендер болса 8 (7262) 99-71-21, 8 (7262) 99-71-49, 8 (7262) 99-71-86 телефон нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласуларын сұрайды.

Дереккөз: Newtimes.kz