Өскеменде 55 жастағы такси жүргізушісінің өліміне қатысты күдікті ұсталды деп жазады ustinka.kz.
«Күдікті ретінде Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 30 қазан күні 55 жастағы Алтай Қалиев түн ортасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Такси жүргізушісін туыстарын бір апта бойы іздеген. 5 қараша күні марқұм өлі табылды.