07.11.2018, 11:57

«Дуалап тастайды»: Мәжіліс депутаты халықты емшілерге сенбеуге шақырды

Мәжіліс депутаты Ахмед Мурадов дәстүрлі емес медицинаның қызметін бақылауға алуға шақырды деп жазады Sputniknews.kz.

Денсаулық сақтау мәселелері туралы заң жобасы қаралған отырыста мәжілісмен Ахмед Мурадов Қазақстандағы дәстүрлі емес медицина (қытай, ислам, қасиетті су, шипалы балшық) проблемасын қозғады.

«Мен «емделіп шыққан» адамдарды көрдім. Онда ешқандай бақылау, басқару деген жоқ, әркім өз бетімен. Ол жерде қанша ақша айналымда екенін білесіздер ме, жоқ па? Өте қымбат. Нәтижесі көңіл көншітпейді, адамдар денсаулығы әбден нашарлаған кезде, кепілдендірілген медициналық көмекке жүгінеді», — деп қапаланды депутат.

Мурадов осындай емшілердің саны елімізде қанша деген сауалға жауап іздеді.