ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ақтөбеде түсініксіз жағдайда қайтыс болған 7 жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Ол көпшілікке кінәлілерді жазаға тартуға уәде етті.
Біртанов бұл жағдайдан енді ғана хабардар болғанын, алдағы уақытта тексеріс жүргізілетінін айтты.
«Бұл жағдайға қатысты кімнің кінәсі бар, соны дұрыстап тексереміз. Сосын көпшілікке мәлімет береміз. Тиісті шара қолданамыз», - деді министр «31» арнаға берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 7 жасар қыз баланың ес-түссіз жатқан видеосы желіге тарап кеткен. Кейін жедел жәрдемнің 40 минутқа кешігіп келгені белгілі болды. Дәргерлер болса, мекен-жайды қате айтқаннан кешігіп жеттік деп отыр.