$ 514.65  544.6  5.17

Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айрылды

Талдықорғанда әкімнің бұрынғы орынбасары Әсет Шаяхметов 12 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сондай-ақ, сот оның мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеунікке «Пара алу» және «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)» баптары бойынша айып тағылған.

Шаяхметов орынбасар қызметінде бір ай ғана уақыт жұмыс істеген. Оған қатысты 32 томдық қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу мәліметінше, ол құрылыс компанияларынан 80 миллион теңге алған. Пара алғандардың есімі жарияланбайды, бірақ олар өз кінәсін мойындады. Шаяхметовтің жазасын максимал қауіпсіз мекемеде өтейтіні айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары