08.11.2018, 05:33

Сауд Арабиясында белгісіз біреулер журналисті түрмеде аяусыз өлтіріп кеткен

Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассер

Сауд Арабиясында белгісіз біреулер журналист, жазушы Түркі бин Абдул Әзиз әл-Жассерді түрмеде аяусыз өлтіріп кеткен деп жазады Middle East Monitor басылымы.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылдың наурызында Жассер Twitter желісінде Kashkool атты аккаунт ашып, онда лауазымды тұлғалар мен корольдердің адам құқықтарын бұзған жағдайлары туралы жазып жүргені үшін қамауға алынған.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, журналистің осы әрекетін Twitter желісінің Дубайдағы кеңсесінде әшкерелеген.

Еске сала кетейік, қазан айының басында Стамбул Сауд Арабиясының журналисі Жамал Хашукджидің де өлі табылғаны жайлы хабарланған болатын. Жамал Хашукджиді Сауд Арабиясының бас консулдығында қылғындырып өлтіргеннен кейін денесін бөлшектеп, жойған. Бұл туралы Ыстамбұл прокуратурасы мәлімдеген еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz