Гараждардың арасында сыра ішіп тұрған қыздар камераға түсіп қалды. Видеоны Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады.
Кадрда қыстық киім киген бірнеше қыз сыраны кезектесіп ішіп тұр. Видеодан оқиға орнына дереу жеткен полицейлерді де анық көруге болады.
«Мынаны қараңыздар! Бұл қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен түсірілген бейнетаспа», − деп жазған Эльвира Жүргенбаева.