Өзімен жасты баланы ұрып өлтірген жезқазғандық Павел Виноградов 11-сыныпты түрмеде тәмамдайды. Алайда бұл шешіммен Павелдің қолынан қайтыс болған Константиннің туыстары келіспей отыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Константин Даниловтың туыстарының айтуынша, 7 жыл өте аз. Ал сот қызметкерлері қылмыскерге тиісті қолданылғанын айтуда. Себебі Павел әлі кәмелеттік емес.
Айта кетсек, мектеп бітіру кешінен кейін қатты таяқ жеген жас түлек Жезқазған қаласында ес-түссіз күйінде табылған болатын. Оқиға орнына келген дәрігерлерлер Константинді ажалдан арашалап ала алмады. Полиция күдікті 10-шы сынып оқушысы Павелді бірден қамауға алған еді.
«Сот шешімімен келіспейміз, алайда аппеляцияға бермейміз. Қорғаушылардың айтуынша бұдан еш пайда болмайды. 18-ге әлі толмаған. Сот процесі кезінде еш өкінбестан прокурормен айтысып отырды. Ең жаманы, осы қылмыскер 3 жылдан соң мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін», – дейді Татьяна Данилова, марқұмның әжесі.