Анасы егіздерді пәтерде жалғыз тастап, өзі шаруаларымен шығып кеткен. Алайда, есікті қайта аша алмай қалыпты деп жазады Мой город.
Бұл оқиға 8 қарашада сағат 13.00-де Привокзальный ықшамауданында Баймұханов көшесінде болған.
Келіншек шұғыл түрде құтқарушыларға қоңырау шалып, пәтерде екі егіздің қамалып қалғаны туралы хабарлайды.
«Әйел балаларын сыртынан кілттеп, өзі шаруаларымен кетіп қалған. Бірақ үйге келген ол, пәтердің есігін аша алмапты. Уайымдаған әйел бірден құтқарушылар тобын шақырған. Артынша анық болғандай, балалар есікті ішінен құлыптап алған», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Балалардың жағдайы жақсы, шошынған белгілері де жоқ.