$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 20 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім бала табылды

Қостанайда 20 қазан күні жоғалып кеткен 12 жастағы Александр Рябухин аман-есен табылды. 7-сынып оқушысын іздеуге полицияның толық құрамы жұмылдырылды деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Александр 11 қараша күні Тәуелсіздік көшесінің бойындағы Үлкен көпірдің маңынан табылған. Полицейлерді көрген бала қорқып, қашып кетпек болыпты.

Отбасына оралған бала үйіндегілерден жасырынып жүрген.

Еске сала кетейік, баланың анасы 25 қазанда полицияға шағым түсірген еді. Ұлының 20 қазан күні түсте үйінен мектепке кетіп, содан оралмағанын айтқан.

Дереккөз: top-news.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары