Алматы-Өскемен тас жолының 349 шақырымында 11 қазан күні көліктің соқтығысуы салдарынан 2 адам адам қаза тапты. Тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді деп жазады ҚазАқпарат.
Көлік апаты Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылының маңында болған.
«Екі адам көз жұмды. Біреуі оқиға орнында, екіншісі ауруханада. Жалпы екі көлікте төрт-төрттен 8 адам болған. 6 жолаушының барлығы ауруханаға түсті. Екеуі Ақсу ауданда, қалған 4-еуі облыстық ауруханаға жеткізілді», - деді Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Құрмет Босжанова.
Айта кету керек, жол-көлік оқиғасында «Mitsubishi space wagon» және «toyota camry» автокөліктері соқтығысқан.
Алдын ала болжам бойынша, көлік апатына ауа-райының қолайсыздығы әсер еткен.