$ 449.58  486.94  4.86

Оралда 25 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

 Оралда 25 жасар Айдана Ақболатова жоғалып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Айдананың сіңлісі Аягөз Халиоллаеваның айтуынша, апасын 29 қазан күні Еуразия даңғылы 89/1 мекенжайында өзі тұратын жатақханадан көршісі соңғы рет көрген.

«Оның жоғалу себебін біле алмай отырмыз. Өзімен бірге ештеңе алмаған, телефон, құжаттары үйде қалған. Еш хабар болмағаннан кейін 2 қараша күні полицияға арыз бердік. Абай полиция бөліміндегілер: «Қыз қалада, бірақ туысқандарымен байланысын үзген» деп жауап берді. Алайда Айдана бұрын қайда жүргенін анасына, маған айтатын. Бұл жолы үйден ешкімге айтпай шығып кетті, содан жоқ. Ақсай жағына кетті деген әңгіме бар, бірақ жеңіл аяқкиіммен онда бармайды ғой. Сондықтан деректерін білетін жандар болса, 8778-277-71-94 (вацап) телефонына хабарласуын сұраймыз», – деді сіңлісі А.Халиоллаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын он тоғыз жасар студент Гүлдана Тұржанованың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз. Абай полиция бөлімінің тергеушісі Әлішер Өтегеновтің сөзіне қарағанда, Г.Тұржанова туралы еш хабар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары