$ 448.89  477.93  4.76

«Бұрынғы жігітіммен кездесуге үгіттеді»: отбасымен интимдік қызмет көрсететін бикеш күйеуі туралы айтып берді

Бұған дейін еліміздің батысында жұбайымен бірге интимдік қызмет көрсететіндер туралы жазған болатынбыз. Өңірдегі тілшіміз, оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, оқиғаның кейіпкеріне «қызмет көрсеткен» жеңілжүрісті қызға хабарласты деп жазады Stan.kz.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Өйткенде ауылдас жігіт әскерден келген соң басынан өткен адам сенгісіз оқиғаны айтып берген-ді. Адам айтса нанғысыз оқиғаның рас-өтірігіне әбден көз жеткізбек үшін Әсел атты қыздың телефонын алып, кездесуді ұйғардым.

Қоңырау шалғанымда тұтқаны көтермеді. Бірақ, бірнеше минуттардан соң өзі хабарласты. Оның нөмірін досымнан алғанымды айтып, мән-жайды түсіндірдім. Алдымен бейтаныс адамдармен кездескісі келмейтінін айтып қашқақтады. Біраз уақыт оған еш қиянат жасамайтынымды айтып, көндірдім. Бірақ Әсел өзінің шартын қойды. Ол шарт бойынша мен қыз жалдаған пәтерге баруым керек болды. Айтуынша, оның барлығы қауіпсіздігі үшін жасалады екен.

Сөйлесіп болғаннан жарты сағат өтпей телефоныма смс келді. Әсел кездесетін пәтердің мекен-жайын жазып жіберген.

Бардым. Өте сұлу да сымбатты қыз күтіп алды. Барымша әңгімеге тартып, бұл жолға қалай түскенін сұрадым. Өмір сүру қиын, несие төлеу керек, ресми жұмыстағы жалақы жетпейді деген сияқты жаттанды әңгімеден артық ештеңе айтпады.

Ал әңгіме тиегін досым айтқан жаққа бұрғанымда: «оны қайдан білесің», – дегендей күліп жіберді де: «Бәріне байым кінәлі. Идея соныкі», - деді.

Әсел күйеуге шықпастан бұрын қыздығынан айырылған. Қазіргі жолдасы оның өміріндегі үшінші жігіт екен. Оның пәк болмағанына қарамастан алғаны үшін жолдасын қатты құрметтеген.

Үйлі болған соң бірнеше жыл бақытты ғұмыр сүріпті. Бала сүйген. Кейін жолдасы оның бұрынғы жігіттері туралы, олармен қалай болғандығы жайында сұрайтынды шығарған.

«Басында оның жігіттерім туралы сұрағанда қорқып кеткен едім. Кейін ол әңгімелердің оған ұнайтынын байқадым», – дейтін Әселге жолдасы бұрынғы жігітімен кездесуді ұсынған.

«Бұрынғы жігітіңмен кездескің келмей ме?» - деді жолдасым. Мен бас тарттым. Барынша сол әңгімеден қашқақтап, тіпті ұрыс шығаратын болдым. Бірақ, ақыры көндірді.

Айтуынша жолдасы Әселді Вконтакте желісі арқылы бұрынғы жігітін іздеп тауып, онымен сөйлестірген. Телефонын алдырып, кездесуді ұйымдастыруға көндіріпті.

«Бұрындары жігітпен болдым. Бірақ, күйеуге шыққан соң бәрі артта қалған еді. Бұрынғы жігітіммен кездесуге барғанымда қатты қорықтым. Бірақ, бәрі ойдағыдай өтті. Келген соң жолдасым мені еркелетіп жатты. Мен болсам, өз-өзімнен жиіркендім», – дейді Әсел.

Бірақ, күн өткен сайын бұрынғы жігітімен кездесуі жиілеп, өзіне де ұнай бастаған.

Қазір Әсел мен жолдасының тұрақты клиенттері бар. Өздері сияқты бірнеше жанұямен тығыз байланыста екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары