12.11.2018, 11:26

Ақтөбеде шұңқырға құлап кеткен ер адамды екі күннен бері іздеп жатыр

Ақтөбеде 54 жастағы Кенжебай Алдашев 10 қарашадан бері іздестіріліп жатыр. Сол күні ер адам таңғы 5:00-тер шамасында шұңқырға құлап кеткен. Ол төтенше жағдайлар қызметіне қоңырау шалып, өзінің терең шұңқырға түсіп кеткені жайында хабарлапты деп жазады Nur.kz.

Ер адам құтқарушылар тобын күте алмаған. Содан бері қайда кеткені белгісіз. Тіпті ол құтқарушылар тобына қоңырау шалғанда нақты мекен-жайды дұрыс түсіндіріп айта алмапты.

Алайда, құтқарушылар тобы оны ұялы телефоны арқылы Ақжар ауылынан іздестірген. Бірақ ер адамның хабарласқан телефоны бұл жолы Ақшат ауылын көрсеткен.

«Із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде екі ауылға да құтқарушылар тобы жіберілді. Бұл іс-шараға 10 қызметкер, екі техника жұмылдырылды», – дейді Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.