$ 448.15  483.46  4.86

«Ескендір түсіме кірді»: Олжас Сүлейменовтің немересінің өлімі бойынша өткен сотта айыпталушы жылап жіберді

Сотталушы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты бойынша сот отырысында соңғы сөзін айтты деп жазады Tengrinews.kz.

Мұхитова соңғы сөзінде судьядан рақымшылдық жасап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Ол Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы да кешірім сұрады.

«Мен мұның қаншалықты ауыр екенін білемін, осылай болғанын қаламадым. Оны дер кезінде көріп үлгермедім, әйтпесе мұндай жағдай болмауы үшін барлығын жасар едім. Сіздерден тағы да кешірім сұраймын. Өтінемін, рақымшылдық жасаңыздаршы (...) Мен ол күнді ешқашан да ұмытпаймын.

Қандай жағдай болсын, мен сіздерден кешірім сұраудан жалықпаймын. Өтінемін, рақымшылық жасаңыздаршы. Күнде Ескендірдің және сіздерің кешірім берулеріңізді дұға етемін», - деді сотта Мұхитова.

«Осылай болғанын қаламадым. Осыдан екі ай бұрын Ескендір түсіме кірді. Жағадайда жүгіріп жүр екен. Үстінде ақ түсті киім болды, маған күліп қарады. Қасында бір қыз жүр. Құдайдың мені емес, оны алып кеткеніне кінәлі емеспін ғой. Өтінемін, кешіріңіздерші, мені бас бостандығымнан айырмаңыздаршы. Ата-анамды, бауырларымды аяңыздаршы», - деді Мұхитова сот залында.

Мұның алдында прокурор сотталушыны екі жылға соттап, жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұраған болатын.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың «Самрұк-Қазына» АҚ-та жұмыс істейтіні белгілі болды.

«Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын», - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары