«National Geographic» журналы жақын арада қазақ тілінде де шығады, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Вашингтонда EXPO-2017 Комиссары АҚШ президентінің арнайы көмекшісі - Ресей және Орталық Азия Ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің директоры Селеста Уолландермен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен, елші Дэвид Торнмен, АҚШ энергерика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайндпен, сонымен қатар Ұлттық географиялық қоғамының басшыларымен, «АРПА-Е» агенттігімен, «Brands USA» туристік компаниясы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
«АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының вице-президенті Ричардсон «National Geographic» журналын жақын арада қазақ тілінде де шығару жоспарланғанын айтты», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Рапил Жошыбаев АҚШ-қа сапары кезінде «Honeywell» және «UnitedТechnologies Corp» корпорацияларында болып, қазақ студенттермен кездесті.