$ 443.85  474.3  4.8

Н.Назарбаев ғарышкерлерді күтіп алады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 12 қыркүйекте «Союз ТМА – 16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен кездеседі. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚазҒарыш агенттігінен хабарлады.

Ғарышқа 2 қыркүйек күні аттанған «Союз ТМА - 16М» кемесі 12 қыркүйек күні Астана уақытымен 06 сағат 48 минут шамасында Қарағанды облысының Жезқазған аймағына қонады деп жоспарланған. 

Экипаж мүшелері Астанаға 12 қыркүйек күні сағат 10.25 шамасында келеді деп күтілуде. Оларды әуежайда ҚР Президенті Н.Назарбаев күтіп алады.
Айта өтейік, экипаж мүшелерінің құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсен, сондай-ақ ресейлік ғарышкер Геннадий Падалки бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары