$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы екі көшені су басты

Астананың сол жағалауындағы Сығанақ және Түркістан көшелерінің қиылысында су құбыры жарылып, сол маңайды су алып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Суық су құбыры желілерінде болған апат салдарынан Түркістан мен Сығанақ көшелерінің қиылысы жабылды. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» көпірінің астындағы учаскені де су басты.

iKomek қызметі хабарлағандай, апат туралы шағым таңғы сағат 5-те келіп түскен. Су құбыры «Бейжің Палас» қонақүйінің тұсында жарылған. Қазір «Астана су арнасы» су құбырының тесілген жерін қалпына келтірумен айналысуда. Суық су әзірге өшірілген жоқ.

Осы қиылыста орналасқан кеңселердің қызметкерлері, сол маңдағы үйлерде тұратын тұрғындар көшенің бір жағынан ағып жатқан жайылма суды кешіп өтіп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары