$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда анасы мен баласын көлік қағып кетті

Қарағанды облысында «Нива-Шевроле» жүргізуші анасы мен қызын қағып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің ақпаратынша, 12 қараша күні Бұқар жырау ауданындағы Қарағанды-Тоғызқұдық тасжолында «Нива-Шевроле» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйел мен оның 7 жасар баласын қағып кетті.

Салдарынан әйел оқиға орнында қаза болды. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомстводан мәлім еткендей, факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары