Жаңалықтар 15.11.2018 сағат 03:40  273

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін бас дәрігер қызметін босатты

Сол оқиғадан кейін жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Тілеу Сапаров өз еркімен жұмыстан кетті. Оның орнына жаңа жетекші тағайындалды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ақтөбеде 7 жасар қыздың өлімінен кейін бас дәрігер қызметін босатты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Бас дәрігер жұмыстан кетті. Бүгінгі күннен бастап Мұрат Жанқұлов есімді жаңа дәрігер бар», – дейді «Алғашқы көмек» ұйымының директоры Бақытжан Түрметов.

Жедел жәрдем станциясында мамандардың ауысуы бір үлкен оқиғамен байланысты. 3 қараша күні тұрғындарды 7 жастағы қыздың өлімі таңғалдырды. Табан астынан оның дене қызуы көтеріліп кеткен еді. Қыздың анасы дәрігерлерді шақыртқан.

Бірақ олар 49 минуттан соң келген. Дәрігерлер келемін дегенше қыз дүниеден озып кеткен еді. Кейін облыстық денсаулық сақтауда диспетчердің үлкен қателікті жібергені айтылды. Ол баланың дене қызуы жоғары екенін көрсетпеген. Оның үстіне дәрігерлерге бұрыс мекен-жайды айтқан. Осы оқиғадан соң фельдшер мен диспетчер қызметтерінен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар