$ 439.43  473.31  4.82

Ұлттық валюта күні теңге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 370,05 теңгені құрады деп хабарлайды KASE.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 5,78 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 368,5 теңге, ал ең жоғарысы 373 теңге болған. Сауда көлемі 72,65 млн долларды құрады.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 375,83теңгені, күндізгі сессияда 375,95 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 375,9 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 90,95 млн доллар болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары