Жаңалықтар 15.11.2018 сағат 06:59  443

Мысырлық жігіт қостанайлық әйел үшін Қазақстанға көшіп келді

2016 жылы Мысырдан Астананы көру үшін қыдырып келген Халед Морси мұнда өмірлік махаббатын кездестіріп, біржолата қалуға шешім қабылдайды деп жазады kstnews.kz.

Мысырлық жігіт қостанайлық әйел үшін Қазақстанға көшіп келді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қостанай тумасы Самира 2016 жылы Астанада жұмыс істеп жүреді. Оны шетелдік азамат дүкенде кездейсоқ көріп қалып, ұзын көйлек кигендіктен Иран қызы деп ойлапты.

«Дүкенде мені көріп қалып, бірінші болып сөйледі. Сөйтіп маған нөмірін қалдырып, өзіне жазуымды өтінді. Жалпы, менің түріме қарап, көп адам ирандық деп ойлап жатады. Бірақ әкем - армениялық, анам - неміс», - дейді Самира.

Халед әлемнің көптеген елін аралаған, ағылшын, парсы, француз, араб және орыс тілдерін білетін жан-жақты азамат болып шықты. Ол қостанайлық сүйіктісімен танысып, жүре бастағанда 28 жаста болған. Ал Самира бірінші күйеуінен ажырасқан, екі баласы бар 37 жастағы әйел. Сондықтан некелесу туралы шешімді қабылдауға біршама уақыт керек болғанын жасырмайды.

«Екі ұлым бар. Олар 19 және 14 жаста. Халедпен отбасын құруға екі жылдай ойланып жүрдім. Бірақ қазір дұрыс шешім қабылдағаныма сенімдімін», - дейді қостанайлық келіншек.

Қос ғашық бірін-бірі түсініп, енді бірге боламыз ба деген уақытта олардың алдынан түрлі қиындықтар шыға бастайды. 2018 жылы Халед Қазақстанға біржолата көшіп келуге шешім қабылдаған. Бірақ құжаттарды реттеу жағынан көп мәселе туындап, тіпті азаматты қамап қойған кездер де болыпты.

«Қазір оқуға тапсыру үшін виза алдым. Енді Қостанайдағы университеттердің бірінде бағдарламашы мамандығын алып шығамын. Сол арқылы келешекте Қазақстанда тұруға ықтиярхат ала аламын. Маған Қостанай өте қатты ұнайды. Бұл жақта өзге елдермен салыстырғанда өмір тыныш», - деп сөзін қорытындылады Халед.

Бүгінде бір шаңырақ астында бақытты күн кешіп жатқан ерлі-зайыптылар енді отағасының жақсы жұмысқа орналасуын қалайды. Ол балаларға тіл үйретіп, несібесін адал тапқысы келетінін ашып айтты.

Дереккөз: NUR.KZ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар