15.11.2018, 09:06

Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткен ер адамды іздеу тоқтатылды

Шұңқырға түсіп кеткен ер адамды іздеу тоқтатылды деп хабарлайды Ақтбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Іздеу жұмыстарына 10 адам, 2 кинолог, квадракоптер мен 2 техника бөлінген еді. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті іздеу-құтқару қызметі жұмысты тоқтатқанын айтады.

Еске сала кетейік, 10 қараша күні 54 жастағы Кенжебай Алдашев шұңқырға түскенін, шығатын әлі жоқ екенін айтып төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұраған болатын.

Дереккөз: diapazon.kz