Жаңалықтар 16.11.2018 сағат 04:59  808

«Көмір кезегінде тұрған»: Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионын өлтіріп тастады

12 қараша күні Семейде 33 жастағы спортшы Жасұлан Әбиевті өлтіріп кеткен. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Жанжал Қаражыра көмір кенішінде болған деп жазады Semeyainasy.kz.

«Көмір кезегінде тұрған»: Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионын өлтіріп тастады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көмір алуға кезекке тұрған екі жігіттің арасында жанжал шығып, Жасұлан ауыр бас жарақатын алған. Куәгерлер дзюдошы жігіттің қаза тапқанын айтады.

Департаменттегілер оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Күдікті ретінде Семейдің 1994 жылғы азаматы ұсталған. Қазір ол тергеу изоляторында.

Айта кетейік, марқұм Жасұлан Әбиев дзюдодан Қазақстан чемпионы болған. Ол бірнеше мәрте спорттық жарыстарда ел намысын қорғаған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар