$ 514.65  544.6  5.17

Маймыл жаңа туған сәбиді анасының қолынан жұлып әкетіп, өлтіріп тастады

Үндістанның Агра қаласында үлкен маймыл нәрестені ұрлап кетіп, өлтіріп тастаған деп жазады The Telegraph басылымы.

Анасы 12 күндік сәбиін емізіп отырған кезде үйге маймыл кіріп кетіп, қолынан сәбиді жұлып алған. Артынша үйден қаша жөнеліпті. Іле-шала маймылдың соңынан әйел де жүгіріп, оны өзге туыстары мен көршілері де қуа жөнеледі. Олар маймылды тамақпен алдап, қолға түсірмек болған. Алайда жануар шатырдың үстіне шығып алып, қашып кетті.

Нәрестені көрші үйдің шатырынан тауып алған кезде, ол тірі болмаған екен.

«Маймыл баланың басын тістеп алып, адамдар өзін таяқпен қуалап, тас лақтыра бастаға кезде, сәбиді лақтыра салып, қаша жөнелген. Қансырап жатқан сәбиді ауруханаға жеткізді. Өкінішке орай, дәрігерлер оның қайтыс болғанын тіркеді», – дейді полиция қызметкері.

Сәбиінің өліміне сенбеген ата-анасы оны басқа клиникаға алып барыпты. Алайда ондағы дәрігерлер де нәрестенің өлімін растады.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары