$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында өзен жағасынан мәйіті табылған қыздың белгісіз пәтерден қашып кеткені анықталды

Денисов ауданында өзен жағасынан мәйіті табылған 20 жастағы Екатерина Пудвильдің ағасы  болған жайтты баяндап берді деп жазады Аlau.kz.

«Катя далада қалып қойған ит пен мысықты көрсе, оларға жәрдем беретін. Яғни, өзімен бірге үйге алып келетін. Анам да оған рұқсат беретін. Катя жоғалып кеткен күні 7 қарашада құрбыларымен қыдыруға кеткен еді. Кейіннен мәлім болғандай, олар бір пәтерге барған екен. Катя сол жақтан қашып кеткен. Құрбылары артынан іздегенімен, таппаған. Қараңғы түсіп кеткен. Ол үйге сол күйі оралмады», – дейді көзіне жас алған Валерий.

Қазір отбасы сот-медициналық сараптаманы тағатсыздана күтіп отырғанын айтады.

Еске салсақ, 11 қарашада полицияға Екатеринаның туыстары 7 қарашада үйінен шығып кеткен қыздарының әлі оралмағанын айтып, арыз тастаған болатын. Іздестіру шаралары кезінде Екатерина Пудвиль өлі табылды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары