16 қараша күні Қызылорда қаласына 130 шақырым қашықтықта ірі жол апаты боп, 3 адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Кешкі сағат 19:00 шамасында «Самара - Ташкент» тас жолында Қызылорда - Қармақшы және Қазалы - Қызылорда жолаушылар автобусы соқтығысқан. Бірінде - 37, екіншісінде - 32 жолаушы болған.
«Бүгін жансақтау бөлінде кішкентай бала көз жұмды. Жол апаты кезінде 2 адам мерт болды. 39 жолаушы ауруханаға жеткізілді», - дейді Нұрахметов.
Әлеуметтік желіде жол апаты кезіндегі жантүршігерлік видеолар мен фотолар тарап кетті.