Жаңалықтар 17.11.2018 сағат 08:53

Алматыда мейрамхана алдында ер адамды көлік қағып өлтірді

Бүгін түнде Құлжа трактісінің бойында Гүлдала ауылының маңында (бұрынғы Қызыл алаң) көлік ер адамды қағып өлтірді деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Алматыда мейрамхана алдында ер адамды көлік қағып өлтірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ер адам «Рахым» мейрамханасынан шығып жолдан өтеді. Кейін бір затын ұмытып кетсе керек, мейрамханаға қайта оралады. Ол екінші рет жолдан өтіп жатқан кезде KIA Rio көлігі солтүстікке қарай жүріп келе жатқан.

Марқұм рұқсат берілмеген жерден өткендіктен, жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермеген. Жол қатты тайғақ болғандықтан, ер адам 50-60 метр жүріп барып бір-ақ тоқтайды.

1969 жылы туған жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар