$ 446.49  475.38  4.79

Оралда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (ВИДЕО)

Оралда №35 бағыттағы жолаушылар автобусы өртеніп кетті деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Оқиға 16 қараша күні кешкі сағат 18.09-да Әбілқайыр хан даңғылы бойында Циолковский аялдамасы маңында болды.

Автобустың артқы дөңгелегі мен салоны жанған. Өртті 5 адам мен 1 арнайы техника сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары