Антициклон сілемі әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік және шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел мен бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Дереккөз: zakon.kz