$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ журналист Хашоггиді өлтіруге қатысы бар адамдар жайлы қорытынды жасамақ

АҚШ саудиялық журналист Жамал Хашоггиді өлтіруге қатысы бар адамдар туралы түпкілікті қорытындыны жақын екі күнде жасайды. Бұл туралы Малибуде журналистермен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеген.

Осының қарсаңында АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт Құрама Штаттар журналистің қазасына кінәлілердің барлығын жауапқа тарту үшін іс материалдарымен танысып жатқанын хабарлаған. Оның сөзінше, Вашингтон «АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы маңызды стратегиялық қарым-қатынасты сақтай отырып», Хашоггидің қазасына қатысты мәселе бойынша өзге елдермен жұмыс істеп жатыр.

Саудиялық журналист Жамал Хашогги қазанның 2-і күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы консулдығында қаза болған. Әуелде Эр-Рияд өкілдері Хашогги консулдықтан шығып кетті деп мәлімдеген, бірақ үш аптадан кейін журналистің өлтірілгенін мойындаған. Хашоггидің сүйегі әлі табылған жоқ.

Сауд Арабиясы билігі журналисті өлтіруге күдікті 21 адамның тұтқындалғанын хабарлаған, алайда қылмысты ұйымдастыруға өзінің қатысы барын жоққа шығарған. Айып тағылған 11 адамның ісі сотқа берілген. Корольдік прокуроры олардың бесеуіне өлім жазасын тағайындауды сұраған. Қарашаның 17-і күні АҚШ қаржы министрлігі Сауд Арабиясының 17 азаматына қарсы санкция енгізген.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары