$ 494.87  520.65  4.91

«Әлем аруына» қатысуға қарағандылық қыз дайындалып жатыр

Қарағандылық Екатерина Дворецкая «Әлем аруы - 2018» байқауына дайындалып жатыр деп хабарлады «Қазақстан аруы» жобасының ұйымдастырушылары.

«Қарағанды аруы, «Қазақстанның 2017 жылғы бірінші вице-мисі» титулының иегері қазіргі уақытта Қытайдың Хайнань аралының оңтүстігіндегі Санья аралында жүр.

Отандасымыз қалған қатысушылармен бірге аралды аралап, көрікті жерлерін тамашалады. Бүкіл әлемнің арулары спорт және әлеуметтік шараларға қатысып үлгерді.

Екатерина әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сапардан алған әсерімен бөлісіп, фотосуреттерін жариялап жатыр.

Екатерина Дворецкая 1998 жылы 4 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ару Теміртаудағы гимназияны бітірген, қазір Абылай хан атындағы Қарағанды халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім алады.

Қазіргі «Қазақстан аруы» 16 жастағы Әлфия Ерсайын жасына байланысты биыл әлемдік бәсекеге түсе алмағандықтан Екатеринаға мүмкіндік берілді.   

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары